fbpx

Соғыс жолдары


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында ерекше көрме өтті. Мұнда Ауған соғысының ардагері, теміртаулық суретші Сергей Арещенконың жеке шығармашылық жұмыстары жұрт назарына ұсынылды. Көрме – бейбіт пейзаждар арқылы соғыс туралы үнсіз сыр шерткен өзгеше туындылармен ерекшеленеді. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Гүлжан Сулейменова, тілші: «Теміртауда Отан қорғаушы күніне арналған іс-шаралар басталды! Бүгін Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында  мерекелік көрме ашылды».

Көрмеге қойылған ондаған суреттер – алғаш қарағанда табиғаттың тыныш көріністері секілді. Бірақ әрбір туындының артында соғыстың тылсым да ауыр үні жасырынған. Бұл – автордың жүрегінен шыққан үнсіз шежіре, көрерменге тікелей соғыс туралы айтпай-ақ, оның салмағын сезіндіретін үнсіз диалог.

Валентина Кутлуева, әдіскер: «Бұл көрме – суретшінің шығармашылық болмысын ашатын жеке көрме. Оның негізгі шабыт көзі – табиғат. Пейзаждар арқылы ол ішкі жан дүниесін бейнелейді. Соғыс тақырыбы аз бейнеленген, өйткені ол өзі соғысты өткерген жан ретінде бұл тақырыпты бейнелеуде ерекше жауапкершілікпен қарайды. Соған қарамастан, ол болашақта Ұлы Отан соғысына арналған бірқатар жұмыстар жазуды жоспарлап отыр».

Көрменің алғашқы көрермендері қатарында Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицей мен А.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары болды. Жас ұрпақ үшін бұл – тарихпен тірі байланыс, яғни соғысты өз көзімен көріп, оны жүрегімен өткерген адамның әңгімесін тыңдаудың сирек мүмкіндігі.

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: