fbpx

Жастар — өзгерістердің қозғаушы күші


Теміртауда жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған жоба іске қосылды. Бұл бастама жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Теміртауда «Жастардың саяси және қоғамдық көшбасышылық мектебі 2025» жобасының ашылу салтанаты өтті. Жоба жергілікті билік пен қоғам тарапынан кең қолдау тапты.

Руслан Қожекенов, «Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры: «Біз тек өзгерістерді бақылап қана қоймай, сол өзгерістердің авторына айналатын жаңа буын – бастамашыл, жауапты және белсенді жастарды тәрбиелегіміз келеді»

Салтанатты шарада қалалық мәслихат депутаты Арман Абылхасымов сөз сөйледі. Ол жобаның маңыздылығын атап өтіп, бұл бастама жастар көшбасшылығының идеяларын жүзеге асыру үшін тиімді платформа болатынына сенім білдірді.

Арман Абылхасымов, қалалық мәслихат депутаты: «Теміртау қаласындағы ең жас депутат болғандықтан, жастар саясатын қолдауға тырысамын. Теміртау жастары қай салаға қызықса, сол салада барынша түрлі жобаларға қатысуға мүмкіндік алса деген ойымыз бар. Бұл жоба да пайдалы болады деп үміттенеміз».

Ресми бөлімнен кейін студенттер өз жобаларын таныстырды. Бұл жобалар әлеуметтік өзекті мәселелерді инновациялық тәсілдермен шешуге бағытталған. Көрсетілген бастамалар үлкен қызығушылық тудырып, жастар белсенділігінің жарқын үлгісі болды.

Дарья Вишневецкая, қатысушы: «Біз топтарға бөлініп, жастардың әлеуметтік мәселелерін талқыладық. Іс-шара өте қызықты әрі пайдалы болды. Болашақта біз көп адамды қамтып, бірлесе жұмыс істейміз деген үміттемін».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала жастары жоғары азаматтық ұстаным көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді араласып, Теміртаудың дамуына өз үлесін қосуға дайын екендіктерін дәлелдеуде.