fbpx

«Уақыт палитрасы»


Халықаралық музейлер күніне орай Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Уақыт палитрасы» атты бірегей көрменің ашылуы өтті.

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Уақыт палитрасы» көрмесі салтанатты ашылды. Шара Халықаралық музейлер күніне арналды және «Артефакт» ғылыми-ізденіс жобасының негізгі оқиғасына айналды. Көрмеде Тұңғыш Президент музейінің қорынан алынған Қазақстан Тәуелсіздігі тарихының маңызды кезеңдерін бейнелейтін бірегей картиналар мен экспонаттар ұсынылды.

Күлайша Ақтаева, «Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қорының директоры: «Біз тарихи-мәдени орталықтың қорына бірнеше артефакт әкеліп отырмыз. Олар — ең құнды болып есептелетін, бұрын көрсетілмеген, қолданылмаған архив және кітап материалдары».

Іс-шара аясында музей қорына жаңа артефакттарды табыстау рәсімі өтті. Көрме бір ай бойы келушілерге қолжетімді болады. Ұйымдастырушылар барша қонақтарды тарихпен танысуға және Тәуелсіз Қазақстанның беймәлім парақтарын ашуға шақырады.

 

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: