Рух күші
Теміртауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен облыстық спартакиаданың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қалалық команда 12 құраманың ішінде құрметті екінші орынды иеленді.
Теміртауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы облыстық спартакиаданың жеңімпаздарын құттықтады. Іс-шара барысында спортшыларға грамоталар, кубоктар мен естелік сыйлықтар табысталды. Теміртау командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өңірдің әр түкпірінен келген 12 команданың ішінде құрметті екінші орынды иеленді.
Гүлмира Сейлханова, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің бос уақыт ұйымдастырушысы: «Айта кетсек, көзі нашар көретін жандар, церебралды сал ауруына шалдыққан жандар, тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар, арбаға танылған кісілер қатысты. Барлығының өмірге деген құштарлығы артып, орын алуға тырмысып, өздерін қоғамдық ортада сау адамдардың қатарында сезінді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз».
Қатысушыларды құттықтауға қалалық әкімдік өкілдері, депутаттар, спорт ардагерлері мен қоғам қайраткерлері келді. Олар команданың дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, спортшыларға жеңіске деген жігері мен қаланы облыс деңгейінде лайықты танытқандары үшін алғыс айтты.
Игорь Лим, Теміртау қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі: «Бұл шара өте жақсы, өте тамаша, позитивті өтті. Біздің спортшылар шабыттанып, келесі жылы бірінші орын алуға дайындала бастайды».
Нәтижелерге әсіресе спортшылар мақтанышпен қарайды.
Құнза Жаналиева, тренер по настольному теннису: «Мен тоғызқұмалақтан орын алдым. Өткен жылы теннистен екі рет Олимпиадаға қатыстым, екінші орын және үшінші орын алдым. Бүгін әкім орынбасарынан сыйлықтарымызды алып жатырмыз. Үлкен алғысымызды білдіреміз».
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мұндай іс-шаралар жай ғана жарыс емес – бұл назар мен құрметтің белгісі. Бүгінгі мереке олардың мүмкіндіктері шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Комментарии