fbpx

Гидравликалық сынақтар аяқталды ма?


Теміртауда жылу желілеріне жүргізілген гидравликалық сынақтар аяқталуға жақын. «Оқжетпес-Т» ЖШС мамандары сынақ барысында анықталған ақауларды жою жұмыстарына кірісті. Алдағы күндері магистральдық және кварталдық желілерді шаю жұмыстары басталады. Бұл тұрғындарды тұрақты түрде ыстық сумен қамтамасыз ету үшін қажет.

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылумен қамтушы компанияның мамандары міндетті гидравликалық сынақтар жүргізді. Бұл сынақтардың мақсаты – әлсіз тұстарды анықтап, желілерді алдағы қысқа дайындау. Биыл негізінен кварталдық желілерде шамамен 35-дей ақау тіркелді. Қазіргі уақытта оларды жөндеу және құбырларды шаю жұмыстары жүргізілуде.

Роман Оппелендер, «Оқжетпес-Т» ЖШС-нің жылумен қамту жөніндегі бас директорының орынбасары: «Қаладағы гидравликалық сынақтар аяқталды, жылу желілері тексеруден өтті, ақаулы жерлер анықталып, олар жаз мезгілінде ауыстырылады. Қазіргі таңда қаланың айналасында су беруге кедергі келтіріп тұрған ірі ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Болжам бойынша, осы апта соңына дейін бұл ақауларды жойып, жылу желілерін шаю жұмыстарын бастаймыз».

Құбырларды шаю – ыстық суды беру алдында міндетті кезең. Компания жоспары бойынша, ыстық суды магистральдық желілерге осы апта соңына қарай, ал кварталдық желілерге келесі аптаның басында беру жоспарланып отыр. Барлық жұмыстар қатаң бақылауда жүргізіліп, зертханалық сараптамамен қатар жүреді.

 

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: