fbpx

Мәдениет қызметкерлеріне құрмет


Мәдениет қызметкерлері күніне орай Теміртау қаласының әкімдігінде салтанатты іс-шара өтті. Өз ісіне адал болып, туған қаласының өнері мен мәдениетіне үлес қосып жүрген жандарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Теміртауда осы салада кәсібилігі мен жанкештілігімен көзге түскен 17 қызметкерге құрмет көрсетілді.

Ғалым Әшімов, Теміртау қаласының әкімі: «Бұл кісілердің істеп жатқан жұмысы оңай емес. Халықтың алдында, халықтың көңілін көтеретін азаматтар мен азаматшалар. Сол кісілерге жақсылық тілеймін. Амандық, жұмыстарына сәттілік, биік белестерден көрінуге тілектеспін».

Марапатталғандар қатарында – өнерге, ағартушылыққа және тарихты сақтауға адал қызмет етіп жүрген мәдениет мекемелерінің қызметкерлері бар. Олар үшін бұл іс-шара тек кәсіби мереке ғана емес, сонымен қатар олардың еңбегінің маңыздылығын мойындау болды.

Айгүл Әлкеева, Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры: «Мен үшін бұл марапат – үлкен құрмет. Үлкен алғысымды білдіремін. Әрі қарай еліміздің өркендеуіне, мәдениетінің жақсаруына өз үлесімді қосуға әрқашан дайынмын».

Мәдениет қызметкерлері күні – рухани құндылықтарды сақтап, көбейтіп жүрген жандарға алғыс айту мүмкіндігі. Теміртауда бұл дәстүр жыл сайын жалғасып келеді. Себебі мәдениетсіз – тарих та, болашақ та жоқ.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: