Су тапшылығы: себеп пен салдар
Өткен тәулікте қаланың кейбір аудандары ауыз сусыз қалды. Апаттың неден болғанын және ол толығымен жойылды ма – келесі бейнематериалда толығырақ.
Өткен тәулікте бірінші шағын аудан мен Достық Төбешігі тұрғындары суық судан ажыратылды. Су ескертусіз өшірілді. Бүгін редакциямыз анықтағандай, бұл жағдай су құбырының зақымдануына байланысты болған.
Әкімдікте хабарланғандай, жаңа электр жеткізу желісін салу кезінде мердігер ұйым суық су құбырын зақымдап алған. Апат «Оқжетпес Т» мекемесінің күшімен жойылды. Мердігердің жұмысының салдары жойылып жатқан кезде аталған аудандарға су тасымалданып берілді.
Бірінші шағын аудан мен Достық Төбешігі тұрғындары су қысымы әлсіз екенін байқауы мүмкін. Бұл – қазіргі уақытта гидравликалық режимдерді реттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына байланысты.
Комментарии