fbpx

Қаңғыбас иттерге — жүйелі шешім


Қарағанды мен Теміртауда қаңғыбас иттердің санын реттеуге бағытталған бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Теміртау қаласында қаңғыбас жануарлардың санын азайтуға бағытталған бағдарлама жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, алғашқы оң нәтижелер байқалуда.

Пётр Линник, врач-хирург, заведующий центра временного содержания г. Караганды: «Бүгін біз 15 күн бұрын ұсталған қаңғыбас иттерді алып келдік. Олар Қарағанды қаласындағы Уақытша ұстау орталығында бағдарлама аясынан өтті. Бүгінгі күні 76 ит ұсталды. Оның 67-сі босатылды, 9-ы орталықта».

Оның айтуынша, стерилизациядан кейін жануарлар саны біртіндеп азайып келеді. Биыл 350 итті ұстауға келісімшарт жасалған. Өткен жылы да дәл осындай көлемде жұмыс жүргізіліп, 300 жануар стерилизациядан соң табиғи ортасына қайтарылған.

Қайрат Бейсембаев, Теміртау қ. Қарағанды қалалық ветеринариялық станциясының филиал директоры: «Жыл басынан бері үш конкурс жарияланған болатын, бірақ ешкім қатысуға ниет білдірмеді. Сәуір айында Қарағанды қалалық ветеринариялық станциясымен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта арнайы жабдықталған көлікпен жұмыс істейтін ит ұстау бригадасы оларды табиғи ортасына босатып жатыр».

Бұл бағдарлама қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне жауап ретінде енгізілді және жануарларға адамгершілікпен қарау мен қала тұрғындарының қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: