fbpx

Бейбітшілік көшесіндегі жөндеу жұмыстары


Теміртауда Бейбітшілік көшесінде орташа жөндеу аясында жол жұмыстары жалғасуда. Мамандар асфальт төсеу жұмыстарына кірісті. Жөндеуден өтетін учаскенің жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда Бейбітшілік көшесінде жиек тастарын (бордюр) алу және жаңасын орнату, сондай-ақ асфальттың төменгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары Қарағанды көшесінен бастап Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. ТҮКШ бөлімі бұл жұмыстар тізімінің толық нұсқасы емес екенін хабарлайды.

Думан Серіков, Теміртау қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы: «Бүгінгі таңда Бейбітшілік даңғылы бойынша жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта жиек тастарын алу және орнату жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ асфальт төсеу басталды. Бұл жұмыстар Қарағанды көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықта, біз асфальттың төменгі қабатын төседік, әрі қарай жиек тастарды орнатуды жалғастырып жатырмыз. Жалпы, Қарағанды көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейін асфальт төсеу жоспарланған. Бұл – орташа жөндеу жұмыстары. Ұзындығы – 4,5 шақырым. Қазіргі жөндеу жүргізіліп жатқан учаске – шамамен 1,5 шақырым, екі жақ бетімен. Мен осы учаскені ғана қадағалап отырмын».

Жол жөндеу жұмыстары орташа жөндеу бағдарламасы аясында жүргізілуде. Қалалық билік өкілдерінің мәліметінше, басты мақсат — жол жамылғысының сапасын арттырып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық жұмыстар құрылыс талаптарына сай, белгіленген мерзімде аяқталады деп жоспарлануда.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: