Жол ережесін сақтау — әркімнің міндеті
Теміртауда кәмелетке толмағандардың қатысуымен дөңгелекті марш-шеру өтті. Оқушылар мен студенттер қала көшелерін велосипед, самокат және мотоциклмен жүріп өтті. Осылайша олар жол қауіпсіздігіне бейілділігін көрсетті.
Теміртауда кәмелетке толмаған көлік жүргізушілері марш-шеруге қатысты. Әрине, олар автокөлік айдаған жоқ, кім не меңгерсе – велосипед, самокат, мотоцикл – сонымен шықты. Бұл ерекше шара жастарға қызықты уақыт сыйлау үшін емес, басқа мақсатпен ұйымдастырылды.
Әсет Бұланбаев, қалалық ПБ ППБ батальонының командирі: «Бұл шерудің басты мақсаты – қоғамның назарын аудару, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Бұл – барлығымыздың міндетіміз. Осыған барлық теміртаулықтарды, жалпы бүкіл қоғамды назар аударуға шақырамыз».
Қала полициясы жол қозғалысы қауіпсіздігіне қоғам назарын тек айыппұл мен ескертулер арқылы ғана емес, осындай ерекше шаралармен де аударуға тырысады. Оның үстіне, жазғы маусым басталды, оқушылар демалысқа шықты. Ата-аналар да өз кезегінде балаларына қауіпсіздік әр адамнан басталатынын түсіндіруі керек.
«Осыны ұйымдастырып жатқан полиция бөліміне алғысым шексіз. Осындай балалардың назарын жол қауіпсіздігіне аудару, ережелерді сақтау және велосипед, электросамокатпен жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін осындай марш-шеру өткізіліп жатыр».
«Бізге ұнады, себебі біз жол қауіпсіздігін үйрендік және барлығын жол қауіпсіздігін сақтауға шақырамын, себебі бұл – денсаулығыңыз үшін маңызды».
Комментарии