«Жаздың бояулары»
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға жүзден астам бала қатысты. Спорттық ойындар, шығармашылық өнерлер және күлкіге толы сәттер – мұның бәрін «Жаздың бояулары» атты мереке біріктірді.
Шараны «Тау» спорт клубы мен қалалық аула клубтарының тәрбиешілері ұйымдастырды. Теміртауда Балаларды қорғау күніне орай жарқын әрі жылы мерекелік іс-шара өтті. «Жаздың бояулары» атты бағдарламаға қаланың жүзден астам бүлдіршіндері қатысты. Ұйымдастырушылар – «Тау» спорт клубы мен қаланың аула клубтарының тәрбиешілері. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың өз клубтарында немен айналысатынын көрсету, өнерлері мен қабілеттерін таныту, әрі қарай дамуға ынталандыру болды. Шара барысында балалар спорттық және шығармашылық қойылымдарға қатысып, түрлі байқаулар мен белсенді ойындарға атсалысты.
Алмат Серімов, «Тау» спорт клубының жетекшісі: «Мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет, себебі бұл балалардың дамуына ықпал етеді. Жазғы демалыс кезеңінде балалар бос отырмай, аула клубтарына келіп, пайдалы іспен айналысқаны жөн».
Қазіргі таңда қалада 10 балаларға арналған аула клубы жұмыс істейді. Онда балалар спортпен, шығармашылықпен және мәдени даму бағытында шұғылданады. «Жаздың бояулары» мерекесі қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, көпшілік үшін жазғы демалыстың жарқын бастамасына айналды.