«Елимай» хорының алғашқы есептік концерті
Теміртау қаласының Мәдениет сарайында «Елимай» хорының алғашқы есептік концерті өтті. Көпжылдық үзілістен кейін қайта құрылған ұжым өз бағдарламасын ұсынды.
Теміртау қаласының Мәдениет сарайында «Елимай» хорының алғашқы есептік концерті өтті. Көрермендер әртүрлі жанр мен стильдегі туындылардан тұратын жарқын бағдарламаны тамашалады.
Светлана Курамшина, «Камерата» және «Елимай» хорларының жетекшісі: «Әр ұжым өз еңбегінің нәтижесін көрсетуі керек, яғни шығармашылықтың соңғы нәтижесі — бұл көрерменмен бөлісуге деген ұмтылыс. Біз де жас ұжым болсақ та, биыл осы дәстүрден тыс қалмадық. Бүгін тыңдарман назарына осы концерттік бағдарламаны ұсындық».
Концертке тәжірибелі әртістермен қатар өте жас орындаушылар да қатысты. Барлығы әр шығарманы жүрекпен орындап, көрермендерге мереке мен шабыт сыйлады.
Николь Шим, вокалист: «Әрине, қиындықтар әрқашан болады, бірақ осындай тату ұжыммен олар қатты сезілмейді, бірлік сезіледі».
«Елимай» хорының алғашқы есептік концерті көрермендер залын толтырып, көптеген оң пікірлерге ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай концерттер жақсы дәстүрге айналып, жыл сайын көрермендерді қуантатынына уәде берді.