Жол апаты: жаяу жүргінші зардап шекті
Теміртауда кеше кешкісін ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні тура жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Толығырақ келесі материалда.
Апат 12 маусым күні кешкі уақытта Республика даңғылында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі Уалиханов көшесі жағынан Менделеев көшесіне қарай бағыт алған. «Аян» сауда үйінің маңында көлік алдымен басқа бір автокөлікпен соқтығысып, кейін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен.
Полицияның мәліметінше, 28 жастағы «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі Теміртау қаласының Республика даңғылымен Валиханов көшесінен Менделеев көшесіне қарай келе жатып, «Аян» сауда үйі маңында «Хюндай» көлігімен соқтығысып, 49 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші жаяу жүргіншілер өткелімен жолды кесіп өтпек болған.
Жол апатының салдарынан зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.