ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЭСТАФЕТА


Теміртауда Әкелер күніне арналған спорттық эстафета өтті. Қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған бұл шара нағыз отбасылық мерекеге айналды.

Эстафета барысында әкелердің тек жұмыста немесе қоғамдық өмірде ғана емес, спортта да белсенді екені айқын көрінді. Сайысқа ондаған теміртаулық әке қатысты.

Бакыт Турдыбекова, «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ әдіскері: «Бұл эстафетаға әкелер өте белсенді қатысуда. Тіркеуге өте көп әке тіркелді. Бұдан бөлек, жас отбасылардан да қатысушылар көп. Әке — баланың өмірлік бағдары демекші, бұл жерде көрермендер үшін де, келер ұрпақ үшін де үлгі боларлық жағдай екені көрініп тұр».

Әкелер ептілік, жылдамдық және командалық үйлесімділік бойынша өзара сайысты. Алайда бастысы — бірлік рухы мен бір-біріне қолдау көрсету.