«Металлург» стадионы: сұраныс бар, жағдай сын көтермейді


Теміртаудағы «Металлург» қалалық стадионы — ашық аспан астында спортпен айналысуға болатын санаулы орындардың бірі. Жазда бұл жерге жүздеген тұрғын келіп, жаттығу жасайды, балалар ойнайды, қарттар серуендейді. Алайда стадионның қазіргі жағдайы — көңіл көншітпейді. Жарық жеткіліксіз, құрылғылар тозған, кейбір аймақтарда қауіпсіздік те сақталмаған.