Бүгін – Қазақстан полициясы күні


Бүгін, 23 маусымда, елімізде Полиция күні аталып өтуде. Бұл – күн сайын заң мен тәртіпті күзетіп, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі.

Полицияда қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті, батылдық пен жанқиярлықты, Отанға адалдықты талап ететін қасиетті міндет. Қылмыспен күрес, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау – мұның бәрі үлкен тәуекелмен, шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдай білумен тығыз байланысты.

Бұл мереке 2007 жылы ресми түрде бекітіліп, жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Себебі дәл осы күні, 1992 жылы, «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған болатын.

Біздің редакция барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!