Теміртауда жануарға қатыгездік танытқан ер адам ұсталды


Қарағанды облысының полициясы әлеуметтік желілерде «Теміртаудың аулаларының бірінде жан түршігерлік жануарға қатыгездік» деген тақырыппен тараған бейнежазбаға қатысты шара қабылдады.

 

Теміртау қаласының 68 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Департаменттің мәліметінше, жануарларға қатысты жасалған әрекеттерді қоса алғанда, кез келген заңсыз әрекеттерге қатаң түрде тосқауыл қойылады.