Қарызын төлемегендер өркениет игілігінен ажыратылуда


Теміртауда коммуналдық қызметтер үшін қарыздарды өндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл — жылдар бойы ескертулерге құлақ аспай, төлем жасаудан бас тартып жүрген қасақана қарызкерлерге қатысты шара. Мұндай жағдайда «Оқжетпес-Т» ЖШС мамандары жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, ең қатаң шараға — желіден ажыратуға жүгінуде.

Теміртауда коммуналдық қызметтер үшін қарыздарды өндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл — жылдар бойы ескертулерге құлақ аспай, төлем жасаудан бас тартып жүрген қасақана қарызкерлерге қатысты шара. Мұндай жағдайда «Оқжетпес-Т» ЖШС мамандары жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, ең қатаң шараға — желіден ажыратуға жүгінуде.

Денис Цветков, техникалық қадағалау маманы: «Бұл мекенжай бойынша жарты миллион теңгеге жуық қарыз бар. Төрт жылдан бері қарыз жүйелі түрде өтелмеген. Тұтынушы төлемнен қасақана жалтарып отыр. Ескертулер мен шағымдардан кейін біз оны желіден ажыратуға мәжбүрміз».

Сотқа дейінгі шағым берілгеннен кейін материалдар жеке сот орындаушысына жолданады. Ол одан әрі ықпал ету шараларын бастайды: есепшоттарды бұғаттау, елден шығуға тыйым салу және мүлікті тәркілеу.

Бауыржан Ерімов, жеке сот орындаушысы: «Біз атқарушылық іс жүргізуді қозғаймыз, есепшоттарды бұғаттап, борышкерлерге ескерту жасаймыз. Қарыз белгілі бір шектен асса, елден шығуға тыйым салынып, мүлікке тыйым салынады. Барлығы заң аясында жүзеге асады».

Ескерту мен тіпті мүлікке тыйым салынғанына қарамастан, кейбір борышкерлер заң талаптарына мән бермей жүр. Мұндай жағдайда коммуналдық қызметтер ең соңғы шара — физикалық түрде желіден ажыратуды қолданады.

Виктория Новокрещенова, «Оқжетпес-Т» ЖШС өндіріп алу бөлімінің бастығы: «Металлургтер көшесіндегі 11/1 және 6/2 мекенжайлары бойынша қарыз мөлшері 400 мыңнан миллион теңгеге дейін жетеді. Тұрғындар ескертулерге де, мүлікті түгендеуге де жауап бермейді. Сондықтан біз оларды желіден ажыратуға мәжбүрміз».

Мамандар бұл жерде қысқа мерзімді кешіктірілген төлем емес, жүйелі түрде төлемеушілік туралы айтып отырғандарын баса айтады. Коммуналдық қызметтер тарапынан ымыраға келуге дайындық бар, бірақ бұл тек тұтынушылардың адал ниет танытқан жағдайда ғана мүмкін болады.