Теміртауда ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда
Теміртауда ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз ету желілерінің құрылысы бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Мақсат – әр отбасын сапалы коммуналдық жағдаймен қамтамасыз ету. Құрылыс қалай жүріп жатыр және жұмыстар қашан аяқталады – келесі сюжетімізде.
Теміртауда ауыз су және кәріз жүйелерінің жаңа желілерін салу жалғасып жатыр. Мақсат – халықтың 100 пайызын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Қала құрылысы бөлімі алты ірі жобаны жүзеге асырып жатыр: үшеуі – ауыз суға, үшеуі – кәріз жүйесіне қатысты. Атап айтқанда, жұмыстар Әлеуметтік қала, АБВ кварталы, 9А шағынауданы, Ескі қала мен Оң жағалау аудандарында жүргізілуде.
Құрылып жатқан су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 88 шақырым. Бұл 1500-ден астам үйді орталықтандырылған жүйеге қосуды қамтамасыз етеді. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгеден асады. Кәріз жүйесі жобалары да қалыспай келеді. 48 шақырымнан астам кәріз желілерін және сорғы станциясын салу жоспарланған.
Нұржас Жәкітай, құрылыс бөлімінің басшысы: «Аталған желілер 4000-ға жуық жеке меншік жер үйлеріне салынады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған келісімшарттардың жалпы сомасы – 5 342 680,1 мың теңге, құрайды. Бүгінгі күнге дейін 34,5 км желі тартылды және сорғы станциясының құрылыс 65%-ға аяқталды. 3 468 793,4 мың теңге игерілді».
Кейбір учаскелерде жұмыс белсенді жүргізілуде. Мысалы, Әлеуметтік қала ауданында 5 шақырымнан астам су құбыры тартылды, ал кәріздік сорғы станциясының құрылысы үштен екісінен астам аяқталған.
Нұржас Жәкітай, құрылыс бөлімінің басшысы: «Жобаның түзеткеннен кейін жалпыкелісімшарттық құны – 3 526 281,8 мыңтеңге, оның ішінде бүгінгі күні игерілгені – 2 436 498,2 мың теңге. Төселіп жатқан құбырлардың диаметрі 110 мм-ден 1200 мм-ге дейін. Құрылыстың нормативтік мерзімі – 22 ай. Қазіргі уақытта орындалу көрсеткіштері: кәріз сорғы станциясы бойынша – 65 %, желілер бойынша – 94%. Жобаны іске асыру мерзімі – 2020 жылғы тамыздан 2025 жылғыжелтоқсанға дейін».
Әлеуметтік қаладағы жоба күрделі ретінде танылып, оны жүзеге асырудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында антикоррупциялық органдармен бірлесе бақылауда.
Нұржас Жәкітай, құрылыс бөлімінің басшысы: 5.09 «Қазіргі таңда кәріз сорғы станциясы ғимаратының нөлдік циклінің тіреу арқалықтары мен еденін құю жұмыстары жүргізілуде. Көшелерді кезең-кезеңімен пайдалануға беру жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін, 27 көшенің екеуі тапсырылды, қалған көшелерді тамыз айының аяғына дейін тапсыруды мердігер ұйым жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жоба сметалық-құжаттардын құнынынын өзгеруінсіз техникалық бөліміне түзетулер жүргізілуде».
Сонымен қатар, Отрадный мен Ескі қала аудандарында жаңа нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Қаржыландыру алдағы айларда республикалық бюджеттен күтілуде.