Теміртауда Президент Жолдауы талқыланды


Теміртауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған семинар-тренинг өтті. Бұл кездесу билік өкілдері мен азаматтық қоғам арасында ашық диалог алаңына айналды.

25 маусымда Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын түсіндіруге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Спикер ретінде «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігі жобасының жетекшісі және Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу жөніндегі облыстық сараптамалық топтың мүшесі Шахмарал Кабулова сөз сөйледі. Ол Жолдаудың негізгі тұстарына кеңінен тоқталып, мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруда азаматтық қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің өкілдері қатысты.