Теміртауда тұрғын үй көмегін алу үшін коммуналдық шығындардың шекті мөлшері төмендетілді


Теміртау қалалық мәслихатының кезекті сессиясында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер қолдаудың мөлшеріне және мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қатысты.

Теміртау қалалық мәслихатының кезекті сессиясында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер қолдаудың мөлшеріне және мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қатысты. Сессия барысында 2024 жылғы 25 шілдедегі №17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсету тәртібін бекіту туралы» шешімге түзетулер енгізу мәселесі қаралды. Бұл жөнінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы баяндама жасады.

Раушан Адыханова, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы: «Шешім жобасында 2 өзгеріс қарастырылған. Бірінші өзгеріс – Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 25 ақпандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының коммуналдық шығыстарға арналған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 пайыздан 4 пайызға дейін төмендетілді. Екінші өзгеріс – тұрғын үй көмегін көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнінен 6 жұмыс күніне дейін қысқартылды».

Енгізілген өзгерістер халыққа көрсетілетін қолдаудың қолжетімділігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Талқылау нәтижесінде депутаттар ұсынылған түзетулерді бірауыздан қолдады.