Бауыржан Момышұлы өткелі


Бауыржан Момышұлы даңғылындағы «Батыр» сауда үйі маңындағы жаяу жүргіншілер өткелі тағы да қызу талқылауға себеп болды. Бұл жерде адамдар легі толастамайтындықтан, жиі кептеліс пайда болады. Бұған қоса, бұл өткелде бұрын жол-көлік оқиғалары да тіркелген.

Момышұлы даңғылы — қаладағы ең жүктемелі көшелердің бірі. Қасында орналасқан «Батыр» сауда үйінің тұсындағы жаяу жүргіншілер өткелі әлеуметтік желіде жиі талқыланады. Жүргізушілер үздіксіз жүріп жатқан адамдардан шаршаған: көлік кептелістері жиі болады. Ал жаяу жүргіншілер керісінше — өз қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Өйткені бұл өткелде адамдарды көлік қағып кеткен жағдайлар да болған. Біз қала тұрғындарынан бағдаршам қажет пе екенің біліп көрдік

«Әрине, бағдаршам керек. Біз бұл жермен жиі жүреміз, мен осы маңда тұрамын, немерелермен бірге өтеміз. Кейде көлік кенеттен жүйткиді, қорқып қаласың. Сондықтан менің ойымша, бағдаршам өте қажет. Бұл жермен адамдар, балалар өтеді, балалар жүгіріп шығып кетуі мүмкін — байқамай қаласың. Сондықтан бағдаршам болғаны әрі жүргізушілерге, әрі жаяу жүргіншілерге ыңғайлырақ болар еді».

«Менің ойымша, бағдаршам керек. Мұнда адамдардың қозғалысы үздіксіз, кейде ұзақ күтуге тура келеді. Ал бағдаршам болса — бәрі реттеліп, әлдеқайда ыңғайлы болар еді».

«Әрине, бағдаршам керек. Біріншіден, бұл жерден балалар мектепке барады. Мұнда екі балабақша, екі мектеп бар. Бір жүргізуші өткізеді, енді бірі тоқтамайды. Сондықтан меніңше, бағдаршам қажет. Менің ойымша, бұл жерде онша үлкен кептеліс жоқ. Бірақ адамдарды көлік қағып кететін жағдайлар жиі болады. Бұл жерде соққыға түсу — жиі айтылатын оқиға».

«Меніңше, бағдаршам керек. Себебі кейде жаяу жүргіншіні өткізбей, жол-көлік оқиғалары болып жатады».

«Бағдаршам міндетті түрде керек! Жоғары жақтан келетін көліктер қатты жүйткиді — бұл қорқынышты. Бұл жерде бір күні бірдеңе болатынына таң қалмаймын. Бағдаршам болса — бәрі реттеледі. Ал белгілерге көп адам мән бермейді, әсіресе жаяу жүргіншілер».

Ал сіз қалай ойлайсыз — бұл өткелге бағдаршам қажет пе?