Теміртауға газ тартылуда


Теміртауда газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда — жұмыстар бірден бірнеше шағын ауданда жүріп жатыр, кейбір нысандарда жұмыс аяқталуға жақын.

Теміртауда газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда — бірден бірнеше шағынауданда жұмыс қызу жүріп жатыр, ал кейбір учаскелерде жұмыстар аяқталу сатысына жеткен. Екінші іске қосу кешенінің үшінші кезеңі аясында AKBARS STROY LTD ЖШС мамандары Лазо көшесінде газ құбырын тартуда. Бұл жерде шамамен 600 абонентті қосу жоспарланған.

Арсен Хамитов, «AKBARS STROY LTD» ЖШС директоры: «Біздің компания жұмыс кестесіне сай, қалыпты режимде жұмыс істеуде. Құрылыс 2024 жылдың қазан айында басталды. Бұл — екі жылдық өтпелі нысан, ал биыл оны аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бірінші жылы біз желілерді жүргізіп, шамамен 30% нысанды дайындадық. Қазір аяқтау, реттеу және пайдалануға беру кезеңі жүріп жатыр. Жұмысты мерзімінде аяқтап жатырмыз. Қажетті техника жеткілікті: қазіргі таңда бізде 18 арнайы техника, 50 адам, оның ішінде 6 инженер-техник бар. Материалдық ресурстар да жеткілікті».

Бұл жұмыстармен қатар, АБВ-9А, Достық төбешігі, нан зауыты ауданы және Отрадное аумағында да газ желілері тартылуда. Барлық жұмыстар аяқталған соң мыңдаған жаңа абонент газ жүйесіне қосылады.

Нуркен Абельдинов, құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі: «Теміртау қаласында барлығы 6 500 абонентті қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта шамамен 3 500 адам орталық газға қосылуға мүмкіндік алды. Оның ішінде 1 500–2 000 адам газды пайдалануда. Бұл — ерікті түрде жүзеге асатын процесс. Биыл барлық жұмысты толық аяқтауды жоспарлап отырмыз».

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, мердігер ұйым аумақты қайта қалпына келтіруге міндетті. Құрылысшылардың айтуынша, барлық жұмыстарға 5 жылдық кепілдік қарастырылған.