Асфальт қирап жатыр, кәріз жүйесі ағып тұр: Менделеев көшесі, 12 үйдің тұрғындары көмек сұрайды
Теміртаудағы Менделеев көшесі, 12-үйдің тұрғындары бірнеше айдан бері алаңдап өмір сүріп келеді. «Аква-Трейдинг» мекемесі жүргізген кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарынан кейін үйдің кіреберісіндегі асфальт опырыла бастаған. Жағдай күн сайын ушығып барады. Тұрғындар жөндеуге өз қалталарынан ақша шығарғандарын айтады, алайда нәтиже көңіл көншітпейді: үйдің ішінде жағымсыз иіс маза бермейді, ал ауланың жағдайы — қарттар мен балалар үшін тіпті қауіпті.
Сәуір айының соңынан бері тұрғындар кәріз жүйесіне жасалған жөндеу жұмыстарынан кейін бүлінген ауланы қалпына келтіруді сұрап келеді. Жөндеуді «Аква-Трейдинг» компаниясы жүргізген, алайда тұрғындардың айтуынша, жұмыс аяқталған соң жағдай бұрынғыдан да нашарлап кеткен.