Терезе — ойыншық емес
Теміртауда бүлдіршіндердің терезеден құлау деректері жиілеп кетті. Жыл басынан бері мұндай бес оқиға тіркелген. Олардың кейбірі ауыр жарақатпен, тіпті қайғылы жағдаймен аяқталған. Мәселе тек бір қаламен шектелмейді — бұл бүкіл облыс үшін алаңдатарлық көрсеткішке айналды.