«AMANAT» партиясы металлургтерді құттықтады
Қарағанды облысында металлургтерге құрмет көрсетілуде. Кәсіби мерекеге орай «AMANAT» партиясының облыстық филиалында салтанатты іс-шара өтті. Оған сала ардагерлері, өндірісте озат атанғандар мен жас мамандар қатысты.
Қарағанды облысында металлург мамандығының иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиын «AMANAT» партиясының облыстық филиалында ұйымдастырылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен келген екі жүзден астам металлург жиналып, өз мамандықтарының маңыздылығын атап өтті және еңбектеріне лайықты құрметке ие болды.