Ақтауды спорт біріктіреді


2025 жылғы 18–19 шілде күндері Ақтау кентінде елді мекеннің 75 жылдығы мен Құрылысшылар күніне орай волейбол турнирі өтті. Жарысқа жасөспірімдер де, ересек спортшылар да қатысты.

 18–19 шілде күндері Ақтау кентінде елді мекеннің 75 жылдығы мен Құрылысшылар күніне орай волейбол турнирі өтті. Спорт алаңында 18 жасқа дейінгі жастар командалары бақ сынады. Жас волейболшылар дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін көрсетті.