Балмұздаққа айырбасталған пластик


Теміртауда «Пластиксіз қала» атты экологиялық акция өтті. Бұл бастама — әртүрлі жастағы тұрғындарды біріктіріп, бір ғана мақсатты көздеді: қаланы таза ұстау және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. 24 шілде күні таңертеңнен бастап Теміртауда үш бірдей пластик бөтелке қабылдау пункті жұмыс істей бастады. «Пластиксіз қала» акциясы қаланың маңызды нүктелерін қамтыды: Жастар орталығы, Шығыс паркі және ескі қалашықтағы Жас көрермен театры. Ұйымдастырушылар 2000 порция балмұздаққа купон дайындады. Акцияны «Аян М.» және «REN-Milk» компаниялары қолдады.