Салық заңнамасындағы өзгерістер


Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі жеңілдетілді. Мемлекет басшысы салық декларацияларын тапсыру тәртібін оңайлататын және кейбір азаматтарды бұл міндеттен босататын жаңа заңға қол қойды. Толығырақ — тілшіміздің материалында.

 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық декларациясын тапсырудың жаңа ережелері күшіне енді. Бұрынғы кезеңдерге енбеген азаматтардың басым бөлігі енді есеп тапсырудан босатылады. Олардың қатарында зейнеткерлер, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер мен жекеменшік мекемелерде жұмыс істейтіндер бар. Алайда бір ерекшелік бар: егер адамның шетелде активтері немесе шоттары болса, декларация тапсыру міндетті.