Бәрі — би кешіне!
Теміртаудағы «Шығыс» қалалық мәдениет және демалыс саябағында әр сенбі сайын ашық аспан астында көңілді дискотекалар өтеді.
«Шығыс» саябағында сенбі күндері өтетін би кештері — қала тұрғындары үшін тамаша дәстүрге айналды. Көңілді музыкалық кештер кейде ондаған, ал кейде жүздеген адамды жинайды. Саябақтың мәдени өмірін қайта жандандыру идеясы 2024 жылдың жазында ұсынылып, тұрғындар тарапынан бірден қолдау тапты.