Эко-марафон: 300-ден астам волонтер қаланың тазалығы үшін бірікті


Теміртаудағы қалалық жағажайда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық марафон өтті. Үш жүзден астам жас волонтер сенбілікке қатысып, экологиялық бағыттағы іс-шараларға белсене атсалысты.

 Теміртаудағы қалалық жағажайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық марафон өтті. Іс-шараға 300-ден астам волонтер мен туған қаласының тазалығына бейжай қарамайтын жас тұрғындар қатысты.