Шынайылық — күш. Теміртаулық блогердің жол
Бүгін «Біздікілерді таны!» бағдарламасында — Теміртаудан шыққан Айгерім Нисковских: ана, блогер, Plus Size модель және жүздеген адамды шынайы болуға шабыттандырып жүрген әйел.
Бүгінгі бағдарламада — Теміртаулық Айгерім Нисковских. Ол — ана, блогер, Plus Size модель және шынайы болу арқылы жүздеген жанға шабыт беріп жүрген әйел.
Айгерім — Теміртауда кеңінен танымал тұлға. Оның медиа саласындағы жолы 16 жасында Жезқазған қаласындағы «Дидар» телеарнасынан басталды. Сол кезде ол музыкалық бағдарламаның жүргізушісі атанып, камера алдында сенімді болуды алғаш сезінді.
Айгерім Нисковских, блогер, модель, кәсіпкер: «Блог жүргізу мен үшін Instagram дәуірі енді басталып жатқан кезден басталды. Мен ол кезде Теміртауда кішкентай баламен үлкен ынтамен “Изумруд” деп аталатын сұлулық салонын аштым. Клиент тарту керек болды. Алдымен — ауызекі жарнама, одан кейін Instagram. Ол кезде бұл әлеуметтік желі енді дамып келе жатқан, халық енді танысып жатқан кез. Біз трендтерге сай видеолар түсіріп, салонымыз жайлы айтып, таныта бастадық. Кейін бұл бизнесті саттым. Бірақ Instagram-мен жұмыс істеу машығым қалды, оны өз атымнан жүргізе бастадым. Кішкентай ұсыныстар келіп түсе бастады: жарнамаға түсу, амбассадор болу. Келісе бердім, сөйтіп блогерлік жолым осылай басталды».