Сергей Янобаев: спортқа арналған өмір


Теміртауда өз еңбегі мен табандылығы арқылы қаламыздың атын шығарып жүрген адамдар аз емес. Бүгін “Біздікілерді таны!” айдарында біз өмірін спортқа және жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған спорттық журналист әрі жаттықтырушы Сергей Янобаев туралы айтамыз. Бүгінгі бағдарламада- Сергей Янобаев. Ол жай ғана жаттықтырушы мен журналист емес, спортты өзінің шынайы мақсатына айналдырған жан. Оның күнделікті еңбегі — жастар үшін шабыт, әріптестері үшін қолдау, бүкіл қала үшін мақтаныш. Осындай адамдардың арқасында Теміртауда өзіне сенетін, жеңіске ұмтылатын жаңа буын спортшылар өсіп келеді.