Теміртаулық полицейлер ірі алаяқтықтың алдын алды
Теміртауда киберполиция қызметкерлері ірі алаяқтықтың алдын алды. Жәбірленуші қылмыскерлердің құрбаны бола жаздады, алайда әріптесінің қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Оқиға 30 шілдеде «Қармет» АҚ аумағында орын алды. Жұмысшылардың бірі телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздады. Әріптесінің дер кезінде хабар беруі мен киберполицияның шұғыл әрекетінің арқасында ауыр зардаптарға жол берілмеді.