Теміртауда ең әдемі аула қайда?


Теміртауда өз тұрғылықты жеріне бейжай қарамайтын тұрғындар бар. Бұл не үшін айтылып отыр? Себебі біздің қаламызда тұрғындардың өз күшімен көркейтіп, демалуға әрі кешкі серуендеуге ыңғайлы еткен аулалар бар. Олар өзгелерге сенбей, өз бастамасымен іске кіріскендер.