Газ бағасының көтерілуі
Бүгін Теміртауда сұйытылған газды бөлшек саудада сату қызметтерін ұсыну шарттары бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Толығырақ — біздің хабарымызда.
Бүгін, 6 тамызда, Теміртау мәдениет сарайында «Gas Inpex» ЖШС өтінімі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Тыңдауда сұйытылған газды бөлшек саудада сату қызметтерін ұсыну шарттары талқыланды. Шара барысында соңғы 9 жылда газ тарифі өзгермегені туралы деректер айтылды. Бағаны көтеруді тұтынушылармен келіспек болған компания — «Gas Inpex» ЖШС.