Қашан ыстық су беріледі?


Бүгін «Оқжетпес» ЖШС басшылығы Теміртаудың қай аудандарында және қашан ыстық су берілетінін хабарлаған брифинг өтті.

Теміртаудағы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі жыл сайын жазда күн тәртібіне шығады. 2025 жылы да бұл жағдай өзгерген жоқ. Алайда жақында ыстық су беру қайта басталады – қаладағы жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, сынамалық қосу жұмыстары басталуда.