Мүмкіндігі шектелген жандардың шығармашылық фестивалі


Теміртау Мәдениет сарайында мүмкіндігі шектелген жандардың «Біз өмір сүретін үй» атты жыл сайынғы шығармашылық фестивалі өтті. Биыл ол 16-шы рет ұйымдастырылып, қаладағы бес ұйымнан қырықтан астам қатысушыны жинады.