Теміртауда ірі қоқысты ортақ алаңға тастағандардың түрлерін телеарнада көрсетеді


Ірі қоқысты арнайы шығарып тастамай, ортақ алаңға төккендермен күрес күшейді. Енді заң бұзушыларға айыппұл салумен қатар, олардың бейнелері телеарнадан көрсетілетін болады. Толығырақ – біздің хабарда. Ескі шкафтар, дивандар, құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық техника… Мұның бәрі Теміртауда ортақ контейнерлердің жанында жатыр. Кей тұрғындар «бұлай жасауға болады» деп ойлайды. Есте сақтаңыздар: бұлай жасауға болмайды! Бұл — заңды тікелей бұзу.