Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясына үш рет өзгерістер енгізілді
1998 жылы Негізгі заңның 19 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар Президенттің, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімдері мен өкілеттіктеріне қатысты болды, мемлекеттік қызметші үшін бұрын белгіленген жас шектеуі алынып тасталды. Сонымен қатар, 1998 жылғы түзетулерге сәйкес Мәжілістің 10 депутаты пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатыны қарастырылды.