«Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы қызықты деректер» айдарын жалғастырамыз.
Еліміздің Негізгі заңының 10 жылдығы мен 15 жылдығына орай пошталық маркалар шығарылған.
2005 жылы Конституцияның қабылданғанына 10 жыл толуына байланысты 72 теңгелік пошта маркасы жарық көрді. Оның безендірілуін И. Макиенко жасаған. Марка Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің РМҚ «Банкнот фабрикасында» басылып шықты.