Конституциямыз туралы тағы да бір қызықты дерек
Қызықты деректер айдарын жалғастырамыз.
Негізгі Заң мәтініндегі тағы бір қызықты жайт. Байқасаңыздар, Конституцияның қазақ тіліндегі нұсқасы орыс тіліндегі нұсқасынан әлдеқайда көлемдірек.
Егер орысша нұсқасында 7 168 сөз болса, қазақша нұсқасында – 8 904 сөз. Айырмашылық мың жарымнан асады. Заңгерлер мұны екі тілдің сөйлем құрылысы мен сөздік қорының ерекшелігімен түсіндіреді. Дегенмен екі нұсқаның мазмұны мен заңдық күші бірдей.