Теміртауда қысқы маусымға дайындық қарқынды жүріп жатыр


Теміртауда алдағы жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапары барысында жылу желілері, станциялар мен тұрғын үй қорының жөндеу барысы туралы ақпарат алды.

Теміртауда жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жұмыс сапары барысында жылу желілерінің, станциялар мен тұрғын үй қорының жөндеу жұмыстары туралы баяндалды. Қазір негізгі көңіл жылу магистральдарын жаңартуға бөлінген. Мичурин көшесінде ұзындығы 4,1 шақырым болатын үшінші жылу трассасы қайта құрылуда. Жұмыстар Строителей даңғылында да жүріп жатыр, мұнда жылу жоғалтуды азайтып, қыс мезгілінде тұрақты жылу беруді қамтамасыз ету үшін желілер жаңартылуда. Ал ЖЭО-2-де №5 қазандық пен №1 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ескі қаланы жылумен қамтып отырған КарГРЭС-1-де №9 және №11 қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазан айының соңына дейін №10 қазандық іске қосылады деп жоспарланған. Жылыту маусымын қалыпты өткізу үшін бір қазандық жеткілікті, алайда кәсіпорын қазірдің өзінде екеуін дайындап қойды. Қысқы ең жоғары температура кезеңіне дейін барлық қазандықтар жұмысқа дайын болады. Сондай-ақ 29 тамыздан бастап №8 турбинаға күрделі жөндеу бастау жоспарланып отыр. Көмекші жабдықтар дайын, шаңдануды болдырмау үшін күл үйінділерінің еңістері қалпына келтірілді.

Биыл Теміртауда жылу желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 21 шақырым магистральдық және шамамен 8 шақырым аулааралық құбырлар жаңартылмақ

Қалада алғаш рет электр жеткізу желілерінің құрылысы басталды. Жалпы ұзындығы 37 шақырым болатын төрт жаңа жоба электр энергиясын тұрақты жеткізуге және желінің қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

Ақтау кентінде де жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр: қазандықта көмір қоры бар, жабдық жаңғыртылуда.