Ғалым Әшімов Металлургтер даңғылындағы жағдай туралы баяндады
Теміртау әкімі Ғалым Әшімов журналистермен кездесу өткізді. Сұхбат орны ретінде Металлургтер даңғылының таңдалуы тегін емес. Бүгінде қаланың басты көшесіндегі жөндеу жұмыстары барлық тұрғындар үшін өзекті мәселе болып отыр және көптеген сұрақтар туындатады. Әкім тұрғындарды жеке өзі хабардар етуді жөн көрді. Сұхбат ұзаққа созылғанымен, мазмұнды әрі өте ақпаратты болды.