КарИУ-да Білім күні ең көп түскен студенттер санымен аталып өтті
Қарағанды индустриалдық университетінде Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы мен Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекенің басты кейіпкерлері – еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірінде білім жолын жаңа ғана бастаған бірінші курс студенттері болды.