КарИУ-да дзюдо, самбо және қазақ күресі залы ашылды


дзюдо, самбо және қазақ күресі бойынша жаңартылған зал ашылды. Салтанатты шарада студенттер кәсіби жаттықтырушылармен кездесіп, олардың көрсеткен үлгілік белдесулерін тамашалады. Бұдан бөлек, университетте футбол, волейбол, шахмат және өзге де спорт түрлерінен секциялар жұмыс істейді.

Бахыт Жаутиков, ҚарИУ ректоры: Балалар қазір телефонмен жүр, кітаптар оқымайды, қыдырмайды. Физкультурамен біз оларды осылай дайындап тұрмыз.

Жаңа залда тек университет студенттері ғана емес, барша қала тұрғындары да спортпен айналыса алады. Спортты бұқараға кеңінен насихаттау ниетін Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті, Теміртау мәслихатының төрағасы Алексей Ломакин де білдірді.

Алексей Ломакин, Теміртау қ. мәслихат депутаты: «Біздің университеттің үлкен дәстүрі бар, бұл залдан 100-ден астам спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, әлем чемпиондары мен жүлдегерлері, қазақ күресі, самбо және дзюдо бойынша чемпиондар тәрбиеленіп шықты. Сондықтан бұл зал – үлкен тарих. Бүгін университетпен бірлесіп, ректор Бақыт Ахатовичтің жеке қолдауының арқасында осындай салтанатты да маңызды оқиғаның орын алғанына өте қуаныштымын».

Студенттермен бірге жаттығып, спортшыларды тәрбиелеумен кәсіби жаттықтырушылар айналысады.

Манат Керимбаев, дзюдо, самбо, қазақша күрес спорттарынан аға жаттықтырушы: «Бүгінгі іс-шара бойынша кішігірім жөндеуден өткен залымыздың ашылу салтанаты. Осы ашылуға университетіміздің ректоры келді. Бірінші курс талапкерлерін жинап, әдістер көрсеттік. Бірінші мәселе, студенттер бос уақыттарында 2 сағат уақытын бөліп, уақыттарын спортпен өткізеді. Екіншіден, жаман жолдан қорғайды. Мысалы, ішімдік, нашақорлық деген заттардан қорғайды. Үшіншіден, өзін-өзі қорғау үшін!»

Спортқа жақын жастар – дені сау ұлттың кепілі. Енді Теміртауда бір спорт залына арта түсті!