Теміртаудағы «Бірлік» көпұлтты жастар лагері
Теміртауда «Бірлік» көпұлтты жастар лагерінің қатысушылары үшін «Жастар орталығы» жастар ресурстық орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар орталықтың мүмкіндіктері туралы ақпарат алып, жастарды дамытуға бағытталған жобалар мен бастамалармен танысты. Бұл кездесу лагердің негізгі мақсаты — бірлікті нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа идеяларға шабыт беру аясындағы бағдарламаның логикалық жалғасы болды.