Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Теміртау қаласының халқымен кездесті


Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Теміртау қаласының халқымен кездесті. Кездесу барысында энергетика саласының дамуы, «жасыл» технологияларды енгізу және салаға кадрлар даярлау сияқты негізгі мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылап, түсініктемелер алды. Қала тұрғындарының бірі энергетика кәсіпорындарындағы қызметкерлердің жалақысына қатысты сұрақ қойды.