9А шағынауданы тұрғындарының мәселелерін депутат пен құрылыс бөлімі қалай шешпек?


Редакцияға 9А шағынауданының тұрғындары жүгінді. Бүгінде олардың ауданы кедергілер жолағын еске салады: ашық қалған құдықтар, сынған жолдар, мердігер зақымдаған жылу құбырлары. Ал коммуникация тарту жобасы төңірегінде жауаптан гөрі сұрақ көп.