Теміртаулық құтқарушылар жануарларға көмектесті


Теміртауда «Құтқарушылар жануарларға көмекке» атты әлеуметтік акция өтті. Бұл шара республикалық «30 игі іс» жоспары аясында ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Шаңырақ» еріктілер орталығымен бірге мүмкіндігі шектеулі иттерге арналған паналау орнына көмек көрсетті.

Нұрмұхамед Интуев, Теміртау қ. ТЖБ басшысы: «Бұл акцияның мақсаты – жануарларға көмек көрсету, халық арасында жануарларға деген ізгі ниетті көзқарасты қалыптастыру және еріктілікті насихаттау. Бүгін Төтенше жағдайлар басқармасы және Теміртау қаласы әкімдігі «Шаңырақ» орталығының еріктілері бірлесіп осы әлеуметтік акцияны өткізіп жатырмыз. Акция аясында үш ит үйшігі дайындалып, жануарларға арналған азық, ыдыс-аяқтар сатып алынды».

«Варежка» паналау орнында ондаған жануарлар бар, олардың көпшілігі жарақат алған және ерекше күтімді қажет етеді. Иттерді қамқорлыққа алған отбасы үшін ең үлкен көмек — бұл қамқорлық, махаббат пен бейжай қарамайтын адамдардың қолдауы. Қала тұрғындары азықпен, ветеринарлық қызметтерге төлем жасаумен, сондай-ақ физикалық көмегімен — мысалы, үйшіктерді тазалап, шөп не отын әкелу арқылы қол ұшын соза алады.

Александра Функ, жительница г.Темиртау:  «Олар жаралы болғандықтан, біреуі көрмейді, біреуінің көзі жоқ, біреуінің алдыңғы не артқы аяғы жоқ, не құйрығы жоқ – оларға ерекше көзқарас қажет. Біз олардың дене мүшелерінің жетіспеушілігін махаббатпен өтейміз. күйеуіміз екеумізге балаларымыз көмектеседі. Бәрі келісімді түрде жүреді: егер күйеуім тамақ дайындаса, мен азықтандырамын, тазалаймын, жууға көмектесемін. Белгілі бір бөлінген міндеттер жоқ, бәріміз бір ортақ істі істеп жатырмыз».

Акцияға қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тек жануарларға ғана емес, адамдарға да көмектеседі — олар мейірімділікке, жауапкершілікке үйреніп, әр адамның қайырымдылық жасай алатынын еске салады.